НПК
Жұма күні яғни 2023 жылдың 7 сәуірі күні «Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» атты мұғалімдердің қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталған конференцияға біздің мектебіміздің ұстаздары да белсенді қатысты.
Конференция аясында өткізілген "Жыл психологы-2023 " сайысының қорытындысы бойынша мектебіміздің психологы Никифрова Т.М. бас жүлдені иеленсе,
«Жыл тәрбиешісі-2023» сайысының қорытындысы бойынша мектеп жанындағы «Шаттық» шағын орталығының тәрбиешісі Альбергенова А.Н жүлделі 3- орынды иеленді. Жеңімпаздар қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
Ғылыми-практикалық конференцияның екінші тәжірибелік бөлігінің Білім беру ресурстарының көрмесі атты бөлімінде: инновациялық тәжірибені жалпылаудың әдістемелік өнімдері ,сондай-ақ іс-әрекеттегі зерттеу үдерістері және сабақты зерттеу атты көрмеде бастауыш сынып мұғалімі: Мұратова Г.Б және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Дуанбаева К.С. іс-тәжірибелерінен жұмыстар қойылды.
Сонмен қатар, инновациялық тәжірибе салоны бөлімі бойынша (шеберлік-сыныптары) көрсетілді. Аталған бөлім бойынша орыс тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Будникова Н.Н мұғалімдерге "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу материалын визуализациялау тәсілдері"тақырыбында мастер-класс өткізді.
Іс-шараның барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
В пятницу, 7 апреля состоялась городская научно-практическая конференция «Инновационные практики в педагогической деятельности: опыт реализации в организациях образования» в которой педагоги нашей школы приняли активное участие.
По итогам конкурса «Психолог года», проведенного в рамках конференции, Никифорова Т.М. получила почетное Гран-при, по результатам конкурса «Воспитатель года» воспитатель мини-центра школы Альбергенева А.Н. завоевала 3 место.
На выставке, во второй - практической части мероприятия, были представлены работы Муратовой Г.Б. (секция «Начальные классы») и Дуанбаевой К.С. (секция «Казахский язык и литература»).
Так же учителем русского языка и литературы Будниковой Н.Н. в своей секции был проведен мастер-класс для педагогов на тему: «Способы визуализации учебного материала на уроках русского языка и литературы».
Все участники мероприятия награждены сертификатами.




