Тілдер шеруі / Парад языков
«Өткен тарихымызды бүгінімізбен байланыстыра отырып,біз әдемі болашаққақадам басып келе жатырмыз.»
Ең басты байланысу ортасы-әрине мәдениет пен тіл.
Әр халық өздерінің салт-дәстүрлерін, шығармашылықтарын тіл арқылы жеткізіп отырған.
Тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы –әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Жыл сайын, біз қыркүйек айында Қазақстан Халықтарының Тілдері күні мерекесін атап өтеміз.Жылдан-жылға бұл мерекенің мән-мағынасы кеңейіп келеді.
Мектебімізде Тілдер күні мерекесін атап өту үшін, апта бойы әр- түрлі,іс-шаралар (квест ойыны, викториналар, өлең оқу , ән айту сайыстары,сынып сағаттары, шығармашылық жоба)ұйымдастырылды.
«Тілдер шеруі» атты апталықтың соңғы күні мектепішілік,мерекелік концертпен аяқталды.Бұл концертте мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетті.
Мектеп оқушылары концертте өлеңдер оқыды, әндер айтты, қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілдерінде қойылымдарқойды.
«Связывая историческое прошлое с современными реалиями, мы строим гармоничное будущее». И главным связующим звеном является, конечно, культура и язык. Именно посредством языка все народности хранили и передавали свои обычаи и традиции, свое творчество.
Ежегодно, в сентябре, мы всей страной празднуем День языков народа Казахстана, и этот праздник с каждым годом приобретает все большее значение, перекликаясь с основными месседжами программы «Рухани Жанғыру».
В нашей школе празднованию Дня языков посвятили неделю, насыщенную разнообразными мероприятиями: квесты, викторины, конкурсы стихов и песен, классные часы, творческие проекты.
Завершилась праздничная неделя общешкольным концертом «Парад языков» на котором учащиеся школы представили лучшие номера: стихотворения, песни, сценки на казахском, русском и английском языках.