Эссе байқау » Коммунальное государственное учреждение "Меновновская средняя школа" отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Меновновская средняя школа"
отдела образования по городу Усть-Каменогорск
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Телефон приемного:
+7 (7232) 57-41-10
Телефон бухгалтерия:
+7 (7232) 57-41-10
Версия
для слабовидящих
11
декабрь
2020

Эссе байқау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздіктің жеті қыры" бағдарламасының "Бір халық, бір тағдыр" бағыты бойынша эссе байқауы.

Конкурс эссе «Один народ, одна судьба»,  цикла «Семь граней Независимости», посвещенный Дню Независимости Республики Казахстан. 

Работы наших учеников.

Эссе  тақырыбы:

«Бір халық, бір тағдыр»


Орындаған:  Нурлыбекова Дильназ Ермекқызы

 Сынып: 10 «А» 

Өскемен қаласы әкімдігінің  «Меновное орта мектебі» КММ

Мұғалімі: Дуанбаева Кымбат Сейтмухашевна

Бір халық, бір тағдыр

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік күні – баршамызға ерекше қасиетті ұлы күн.

Мен аспан төңірегіндегі көк байрағы биік желбіреген, Еуразия кіндігінде кең аумақты ойып тұрып орын алған ұлан-байтақ мекеннің иесі қазақ ұлтының ұрпағымын. Тұғырда жоғары өрлеген, өркениеті рухани дамыған, дәстүр мен мәдениетін сақтай білген Қазақстан Республикасының перзентімін.

Бұл бейбіт күнімізге дана ата-бабаларымызға, ержүрек батырларымызға, зиялы тұлғаларымызға, азаттық үшін жанын берген жастарымызға  ризашылығымызды білдіріп, есімдерін мәңгі есімізде сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуіміз - біздің міндетіміз. Еліміздің тағдыры еркіндік мақсатындағы күрес деуге болады. Тамырын тереңге жайған тарихымызға шолу жасасақ, ұлтымыздың мемлекет болып қалыптасуына көптеген жылдар қамтығанына көз жеткіземіз. 

Құнарлы жерімізге, нулы ормандарымызға, сулы шалғындарымызға көз тіккен жауыз жоңғарлармен ата-бабаларымыз 150-ге жуық жыл қасық қаны қалғанша күресті. Көршілес ел-тайпалардан ұлан-ғайыр даланы қорғап қалу үшін жүрек жұтқан Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай батырларымыз шайқасқа шықты.

XVIII ғасырларда Ресей патшалығы Орта Азия елді-мекендерін игеруі бастау алған. Билік қазақ даласында күннен-күнге өз күшін арттырып, жұрттың әр күні қорқынышты түске айналған еді. Дәрменсіз көшпелі халықтың барлық азығын, мал-мүлігін заң бойынша деген сылтаумен айдап әкетті. Тайынбай, сенімін жоғалтпаған тұлғалар биліктің шын мақсатын әшкерелеп, ақиқатты үндеген Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сиқылы көзі ашық, көкірегі ояу ұлт зиялыларына жалған жала жауып өлім жазасына кесілді. Ұлт жанашырларының арманы бір еді - өз билігіміз өз қолымызда, бірлігі жарасқан, мәдениеті толықтай сақталған, тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы.

Тәуелсіздік жолындағы ұмытылмас қанды оқиға - желтоқсан көтерілісі. 1986 жылы Дінмұхамед Қонаев қызмет орнын босатып, жоғары басшылықтың  шешімімен ел естімеген Геннадий Колбин билікке тағайындалуына қазақтың жалынды жастары келіспеушіліктері мен наразылықтарын ашық білдірді. «Әр ұлтқа - өз көсемі!» басты ұранымен Қазақстанды қазақ ұлтының өкілі билеуі шарт деумен Алматы алаңына жиналып, әділеттілік пен егемендікті талап етті. Қазақ жастары демократиялық көзқарастарын, яки бейбітшіл пікірлерін атап өту мақсатында келгенімен, үгіт-насихат органдары мұны бұрмалап «орыстарға қарсы дұшпандық» әрекеті деп қорғансыз жиналғандарға иттер, өртсөндіруші көліктер, қаруланған адамдар, бронды транспортерлер жіберілді. Жүздеген азаматтар мен азаматшалар көз жұмды, көбісі түрлі ауыр жарақат алды.

Міне, егемендігіміз қандай қиын, азапты жолмен келгенін ескеріп, мен Қазақстан елінде туып-өскенімді мақтан тұтамын. Тәуелсіздік - халқымыздың мәңгілік баға жетпес құндылығы. Өзгелердің қолы жете бермейтін тәуелсіздіктің бізге келгені - үлкен жетістік, сөзбен айтып жеткізе алмас бақыт. Бүгінде Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еңсесі биік, дамыған мемлекеттермен терезесі тең егеменді мемлекет. Туған жерді қастерлеп өту әрбір ұрпақтың борышы. Бүгінгі тыныш, шуақты күндерімізді бағалап, тарихымызды жадымызда сақтап, жаңа белестерге ұмтылу, жаңа дәрежеге қол жеткізу - біздің парызымыз.

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі!

Кетпесін туған жердің берекесі!

Кең болсын қазағымның керегесі!

Кемел болсын мемлекет келешегі!





Эссе  тақырыбы:

«Бір халық -бір тағдыр»


Орындаған:  Қуандық Мәдина

 Сынып: 10 «А» 

Өскемен қаласы әкімдігінің  «Меновное орта мектебі» КММ

Мұғалімі: Дуанбаева Кымбат Сейтмухашевна


«Бір ел» - бұл бәрімізге ортақ отан. «Бір тағдыр»  бұл бірге өткерген қиындықтар мен жеңістер. Біздің ортақ өткеніміз, келешегіміз және тарихымыз. Отан деген не? Отан әр адамда әр түрлі мағынада қалыптасқан. Біреу үшін отан деген туған жер мен ел ғана болса, басқасы үшін отан – өмірдің бастау алған жері. Ал мен үшін отан- менің отбасым, елім, туым, тілім және түбі терең тарихым. 

         Әрбір халықтың бастан кешкен қиын-қыстау кезеңі бар. Бірақ барлық ел ол ауыр кезеңнен өте алған жоқ. Біздің Қазақ халқы болып, тәуелсіздік тұғырына жетуіміздің өзі үлкен мәртебе деп есептеймін. Тарихымыздың қалыптасуы, дәстүрдің сақталуы, жалпы осы күнге жетуіміз ата-бабамыздың арқасында. Соғысты да, басқыншылық өмірді де көрген, бірақ келер ұрпақ үшін жандарын берсе де, тығырықтан шыға білген ұлы кісілерге мың алғыс. Бізді бір тұтас, тағдырлас халық етіп, тәуелсіздікке қолымызды жеткізген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа да алғысымды айтқым келеді. Ата-бабаларымызбен, тәуелсіздік тұғырын қолымызға ұстатқан елбасымыздың арқасында кәзірде халқымыз еш нәрседен қиыншылық көрмей жарқын болашағы бар ғұмыр кешуде. «Қазақстан-2050» стратегиясы еліміздің алға қойған үлкен мақсаты және инвоциялық жүйенің дамуына бір үлкен қадам деп айтса да болады. Бұның бәрі еліміздің қай бетке дамып жатқанын көрсетеді. Қазірде біртұтас халық болып ұстанғанымыз жөн. Себебі еліміздегі бірлік біздің келер ұрпағымыздың еш нәрсеге мұқтаж болмай егеменді елде өмір сүруінің кепілі. 

         Қорытындылай келе айтатын болсам, мен өз елімді мақтан етемін. Қандай сынақ болмасын, бір тұтас болып өткен халқымды мақтан етемін. Бір тағдырды бастан кешіріп тіуелсіздік тұғырына қол жеткізген ата-бабамды мақтан етемін. Мен осындай тарихы терең, қасиетті жерде туылғаныма, өмір сүретініме қуанамын. Біз келешек ұрпақпыз. Еліміздің көркейуіне әр біреуіміз үлес қосуымыз керек. Ата-бабаларымыздың сақтап берген жерін қастерлеп сол күйінде бізден кейінгі ұрпаққа тапсыруымыз керек. Себебі біздің елімізбен жеріміз тарихқа толы, қасиетті жер. Өткен өмірдің бізге аманаты.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив