ХАБАРЛАНДЫРУ » Коммунальное государственное учреждение "Меновновская средняя школа" отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Меновновская средняя школа"
отдела образования по городу Усть-Каменогорск
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Телефон приемного:
+7 (7232) 57-41-10
Телефон бухгалтерия:
+7 (7232) 57-41-10
Версия
для слабовидящих
11
март
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Новая көшесінде орналасқан, байланыс телефоны 574-110, menov@edu.oskemen.kzpd_mss@mai.ru, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

Негізгі қызмет:

Жалпы білім беретін мектеп-мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары :

Тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білуі тиіс :

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика мен психология;

пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

Білім алушыларды оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру"тұжырымдамасы негізінде оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі.

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.

Қысқа мерзімді жоспарлар, Бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды.

Электрондық журналдарды толтырады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделейді.

Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады.

Ата-аналарға кеңес береді.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.

Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Жалақысы: жұмыс өтіліне байланысты 148 771 теңгеден 198 400 теңгеге дейін

Өтетін күні: 24 наурыз 2022ж.

Конурстың өтетін орны: Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Новая көшесі, 15, Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Меновное орта мектебі" КММ акт залы.

Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы      № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат ұсыну керек :

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы 18-ден кем емес байқаушылар шақырылады.

"Педагог мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурстық орналасуға қатысуға жіберілмейді.:

1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар жатпайды;

3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды:

4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жүзеге асырылады.

Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 2022 жылдың 14 наурызынан 18 наурызына дейін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Новая көшесі, 15, мекенжайы бойынша Шығыс қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Меновное орта мектебі" КММ, қабылдау бөлмесінде қабылданады., телефон 87232574110, электрондық пошта: menov@edu.oskemen.kz , pd_mss@mai.ru 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив