ПРЕСС-РЕЛИЗ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімнің
«Меновное орта мектебі» КММ
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Жанабилова Алия Акановна
2019-2020 оқу жылында әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен семинарларға қатыса отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:
Меновной ауылдык әкімдігінен Тәуелсіздік мерекесіне байланысты іс шараға қатысып, белсенділік танытқаны үшін 10 сынып жетекшісі Жанабилова Алия АканонағаАлғыс хат берілді.
Алия Акановна ғылыми жобаларды қорғау және де басқа әр- түрлі республикалық, облыстық, қалалық сайыстарға оқушыларды дайындайды. Солардың бірі мысалы Құмарбек Карина, 9 сынып оқушысы Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық қашықтан өткен форуымында ІІІ орны иеленді. Осы форумға тағы да 2 оушы қатысып сертификат алды. Олар Қасымова Жаннұр, 9 сынып оқушысы және, Қасымова Аружан, 8 сынып оқушысы.
Ал Кенжебек Думан, Болатжанкызы Шырай Өскемен қаласындағы өндіріс оқу комбинатында өткен «Портфолио – мамандық бойынша» сайысында ғылыми ойлау шебелігі үшін сертификатымен марапатталды.
2020-2021 оқу жылында да Облыстық экобио орталық пен қалалық білім басқармасы өткізген облыстық семинарға қатысып, «Мектептегі жүргізілетін экологиялық тәрбиенің әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша іс- тәжірибемен бөлісті. Осы оқу жылындада 10 сынып оқушысы Нұрлыбекова Дильназ, УИ Экобиоцентр ұйымдастырған қалалық экологиялық олимпиадасында І орын иеленді.
2021-2022 оқу жылы бойынша да оқушылары қашықтан өткен химия пәні бойынша Феникс орталығы ұйымдастырған халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар 9 сынып оқушылары Амантаев Дарын, Рауанқызы Айсұлу, Шәріпов Арманжан. Осы оқушылардың үшеуі де ІІ орындарға ие болды. Ал Нұрлыбекова Дильназ жылда өтетін экобиоорталық ұйымдастыратын олимпиадаға қатысып, өзінің экологиялық білімін жоғары дәрежеде көрсетеді.