Эссе
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты
«Тарих бізді үйретеді...» тақырыбына эссе
Биыл еліміз ұлы қазақ халқының біртуар ұрпағы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде. Оны қазақ даласының «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталатын атақты адамдарына жатқызуға болады. Ол талантты әдебиеттанушы, терең ойшыл, жарқыраған публицист, жанқияр саясаткер, ізденуші ғалым, керемет ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар, өмірді жақсы көретін және айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қараМамыртын адам. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Ахмет қазақ даласының әр түрлі аймақтарында мектептер ашып, ұстаздық қызметпен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, «әр қазақтың баласы қалайда оқу керек» деп –масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер-білімге шақырды. Бұл рухани күшейіп, кемелденуге тағы бір себеп. Зиялылардың жүрген жолының соңы аясыз жазаға тартылу болды. Сол сәттегі әділетсіздік, тамырын тереңге жайған дерт бүгінде тек парақ беттерінде қалды. Алайда ер есімі ел есінде жаңғырып тұрады. Елін сүйген,халқын сүйген бір ғасырда бір туатын тұлғалар туралы жазылған осындай тың туындыларды оқып, дүниетанымызды кеңейте білсек, Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған ұрпақ біз болмақпыз! Өздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді» – деген Ахмет Байтұрсынұлы!
Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміз білім мен ғылымның туын көтерген «Қазағым» деп жүрегі соққан халқын алға жетелеуге ұмтылған , зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы құтты болсын !!! Қазақ халқының қоғамдық ой- санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар Ахмет Байтұрсынұлының есімімен байланысты. Ол әуелі ,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден өнер иесі – ақын қазақтың тілін ғана емес , әдебиетін де зерттеген ғалым және жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші реформаторы атанған. Ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық, демократиялық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымының төлбасы болды.
Ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңілді.
«Қазақ» газетінің редакторы болып, елді оқу- білімге , ілгері ұмтылуға шақырады. Кеңес үкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1938 жылы өлім жазасына кесіледі. Тек Тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсам, қазақ ұлтының әлеуметтік өмірі мен мәдениеті, ғылымы мен ілімі жолында аянбай адал еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, қайталанбас зор тұлға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы өскелең ұрпақ үшін, яғни біз үшін баға жетпес мұра,асыл қазына.