08
Қаңтар
2021
Психологиялық тренинг
08.01 күні педагог-психолог Омарова А.М тәрбие жұмысының жоспары аясында 8-10 сынып оқушыларымен «Оқушыларға өзінің ішкі ресурстарын табуға және өз құндылығын сезінуге,өзін-өзі зерттеуге арналған жаттығулар» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты: ішкі ресурстарды белсендіру, өзін оң қабылдауға үйрету, өзін жоғары бағалау, өз-өзімен жұмыс жасауға ынталандыру. Ұсынылған ақпарат оқушыларға қоғамда жанжалсыз және дұрыс қарым-қатынас құру үшін өзін және айналасындағы адамдарды білудегі психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Өткізілген іс-шара бойынша оқушылар оң пікірін қалдырды.




